Жемқорлыққа жол бермеу және алдын алу мақсатында 10-сыныптар арасында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыбында қашықтықтан зуум платформасы арқылы тәрбиелік шара өткізілді

 

 

 

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі бойынша «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»  мақсатында атқарылған жұмыстарға талдау жүргізілді.

 

Жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ұжымда «Адал ұрпақ» клубы және Парасаттылық мектебі, адалдық дүкені жұмыс жасайды.

 

 

Жұмыс жоспарына сәйкес адалдық сағаттары ай сайын өткізіліп отырады. Сыбайлас  жемқорлықты болдырмау және онымен күресу мақсатында мұғалімдер геолокация жүйесіне қосыла отырып онлайн тіркеліп, сауалнама сұрақтарына жауап берді.

 

 

Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржылық жоспары, мектеп қызметкерлерінің штаттық кестесі, тарифтік жоспары, «Ашық бюджет» талаптары бойынша уақтылы сайтқа жарияланып тұрады.

 Мектепке қабылдау «SAKURA» бағдарламасы бойынша  ашық түрде жүргізіледі.