Салтанатты жиынға Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Биғали Нариман Хамидоллаұлы мен Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубының әдіскері Аятов Нұрбол қатысты. Мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер өлең жолдарын оқып, өнерлі оқушымыз әуезді ән шырқады. Алғашқы қоңырау мерекесі 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Балалар жылына арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм»» тақырыбындағы сынып сағаттарымен жалғасын тапты.