Lesson Study - сыныпты зерттеу нысаны. Оқу үдерісіндегі тәжірибені жақсарту. Осы мақсатта мектебімізде Lesson Study жұмысы басталды. Зерттеу сұрағы - 6 "Б" сынып оқушыларының түрлі әдістер арқылы қалай зейінін қалыптастыруға болады. Сабақ жоспарын құру барысында зерттеуші сынып пен пән мұғалімдері таңдалды. 1-ші зерттеу сабағы 14 қарашада қазақ тілі пәнінен Есениязова Жанат Какимқызының сабағы. Сабақ тақырыбы "Астана - әсем қала". Осы сабақ барысында анықталып алынған А, В, С деңгейіндегі оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекеттерін мұғалімдер бақылап шықты. Сабақ сәтті өтті. С деңгейіндегі оқушы белсенділік көрсетті. В деңгейіндегі оқушылар жетелеу сұрақтары арқылы талпыныс көрсетті. А деңгейіндегі оқушылардың белсенділік қабілеттері арта түсіп, жұппен жеке тапсырмаларды өз деңгейінде орындап шықты. Оқушылардың басым көпшілігі оқу мақсатына жетіп, тапсырманы түсінікті орындап шықты. Сабаққа зерттеуші топ мұғалімдермен қоса басқа пән мұғалімдері қатысып, 13 мұғалім зерттеу сабағын көрді. Зерттеуші сабақтары, зерттеуші  топта бірігіп жұмыс жүргізген мұғалімдерге өзара әдіс алмасып, бірігіп жұмыс жасауына ықпалдарын тигізді.