Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу жоспарланып, зерттеу сұрағы таңдалды, 6 «Б» сыныбында Lesson study - дің екінші циклы жалғасын тапты. Жас маман, математика пәнінің мұғалімі Еспусинов Абзал Максутұлының, әлемдегі өзгеріске, жаңалыққа жаны құмар жас ретінде, осы зерттеу сабағын өткізуге деген қызығушылығы жоғары болды. Сабақтарды бақылаушы мұғалімдер сабақ бойы оқушылардың әрекетін қадағалап, қолданылған әдіс-тәсілдердің сәтті және сәтсіз тұстарын бақылау парағына жазып отырды. Бірінші сабақтан кейін, екінші сабақты жоспарлау барысында, бақылау нәтижесіне сәйкес түзетулер енгізілді. Осындай сабақтардың тиімділігінің дәлелі - кейбір оқушылардың белсенділігі сәл де болса жоғарылады, топпен жұмыс жасауға дағдыланды, осы сабақтар мұғалімдердің кәсіби жетілуіне, оқушылардың сабаққа деген ынталарының өсуіне оң ықпалын тигізетініне сенеміз
https://chkalov.mahambet-bb.kz/kz/zha-aly-tar/290-6-b-synybynda-lesson-study-di-ekinshi-tsikly-zhal-asyn-tapty.html#sigFreeIdedd0089c79