Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде жоспарға сай, 1-ші және 2-ші сабақтан кейін 6 "б" сыныбында Lesson Study зерттеу сабақтарының 3-ші кезеңі жалғасты. Мектебімізде көптеген жылдар бойы мүлтіксіз қызмет атқарып келе жатқан, бірнеше шәкірттің жүрегіне дара жол салған тәжірибесі мол мұғалім Ғинаятұлы Жұмагелді ағай "Қазақстан тарихы" пәнінен сабақ өткізді. Осы сабақта қолданылған көрнекіліктер, тиімді әдіс - тәсілдер, қызықты сұрақ - жауаптар оқушылардың оқу мақсатына жетуіне бағыттап құрылымдалған. Жаңа сабақты меңгеруде оқушылардың топтық жұмысқа бірігіп атсалысуы оларға тақырыпты меңгеруге таптырмас мүмкіндік болғаны анық. Бақылаушы мұғалімдер осы сабақтағы орын алған сәттердің барлығын дерлік бақылау парағына түсірді. Топтық, жеке жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың белсенділігі арта түсті. Мұғалімдер кәсіби тұрғыдан жетілсе, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен көзқарасы жаңа деңгейге көтеріледі деп ойлаймыз