Командалық жұмысқа 5 «б» сыныбында математика пәні алынды. Бірлестік мүшелері өзара міндеттерін бөлісті. 
Пән мұғалімі: Баделова Жұмағыз.
Командалық жұмыстың мақсаты: 5 «б» сыныбындағы математика пәнінен саралау тәсілдері арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
24.11.2022 күнгі сабақтан оқушылардың сабаққа деген қатысының артқанын байқауға болады. Бұл командалық жұмыс 2.12.2022 күнге дейін жалғасын табады.